«Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ-нің 

 

  ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақ саңыраулар қоғамының

80 жылдық мерейтойына арналған есту мүмкіншілігі шектеулі жандар арасындағы қалалық «Творчество души в мире тишины» - көрме-байқауының есебі

 

8 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық өнер музейінде «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен, «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ ұйымдастыруымен  ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақ саңыраулар қоғамының 80 жылдық мерейтойына арналған есту мүмкіншілігі шектеулі жандар арасындағы қалалық «Творчество души в мире тишины» - көрме-байқауының марапаттау рәсімі өткізілді. Көрме-байқауына 20 жас және одан жоғары жас аралығындағы Қазақ саңыраулар қоғамының мүшелері және Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп - интернат- колледжінің оқушылары жоғары белсенділікпен қатысты. Байқауға тапсырылған қолөнер туындылары сапалы және талапқа сай орындалған. Қолөнер туындыларының қатарында сәндік қолданбалы шығармашылық және бейнелеу өнері жұмыстарының, қағаздан жасалған бұйымдар, құрақ көрпелер және қылқалам шеберлерінің салған суреттері бар. Музейге қойылған туындылардың барлығы да ерекше ықыласпен жасалған және әр туынды лайықты бағаланып, қатысушыларымыз дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Көрме-байқауын Қазақ саңыраулар қоғамының төрайымы Телеушева Зинаида Николаевна құттықтау сөзімен ашты. «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы атынан мәдени шаралар ұйымдастыру секторының бас маманы  Ержанова Амангүл Еркінқызы қатысушыларды дипломмен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады.

«Сәндік қолданбалы қолөнер» наминациясы бойынша 10-15 жас аралығындағы ІІІ орын иелері:

  1. Суендыкова Мадина
  2. Абилкаирова Асия

ІІ орын иелері:

  1. Ракитянская Сабрина
  2. Садуакасов Мақсат

І орыға ие болған:

  1. Аманжолова Амина

«Сәндік қолданбалы қолөнер» наминациясы бойынша 16-20 жас аралығындағы ІІІ орын иелері:

  1. Малайдар Бексұлтан

ІІ орын иелері:

  1. Ткаченко Даниил және Сламғали Тоқтар

І орыға ие болған:

  1. Жакаева Аружан

«Сәндік қолданбалы қолөнер» наминациясы бойынша 21 жас және одан жоғары жас аралығындағы ІІІ орын иегері:

  1. Айжарикова Гульмира
  2. Абиева Мадина

ІІ –орын иегері:

  1. Тлеуова Алтын
  2. Муканбеткалиева Аксауле

І – орынға ие болған:

  1.  Алхатова Назира

«Бейнелеу өнері» наминациясы бойынша 10- 15 жас аралығындағы ІІІ орын иегері:

  1. Балмағанбетов Қайрат
  2. Базаров Тұрар

ІІ – орын иелері:

  1.  Уркимбаева Дильнара

І –орынға ие болған :

  1.  Мұстафин Қайыржан дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Сонымен қатар «Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ директоры Біржанова Гулвира Сабетқызы қатысушыларымыздың жетекшілерін алғыс хаттармен марапаттап, белсенділігі үшін көрме – байқау қасытушыларын түгел ынталандыру мақсатында сыйлықтар табыстады. 

Мультимедиа

  • Фото 

  • Видео 

9 мамыр - Ұлы Жеңіске арналған

«Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты митинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты V халықаралық фестивалі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара Мектеп түлектеріне арналған «Алтын белгі» иелерін марапаттау салтанаты

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60 жылдық мерейтойы

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аймақтық форумы аясында өткізілген салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары арасында патриоттық акция, мерекелік бағдарламасы.
 
Қош келдің, Жаңа жыл! 20 жұлдызды күн! Төрлет, Наурыз төріме! Арайлы қала, Ақтөбе!