«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Селолық кітапхана: шығармашылық, ұсыныстар, кәсіби біліктілік» тақырыбымен қалалық кітапхана жүйесі қызметкерлерінің №8 Қурайлы селолық модельді кітапханасында өлкетану тақырыбына бағытталған зерделі кеңес отырысы өткізілді.

Кеңеске кітапхана меңгерушілері, кітапханашылар, серіктес селолық мектеп кітапханашылары, әдіскерлер мен құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі және С.Бәйішев ат. облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы өкілдері қатысты.

Ой бөлісу сағатында Астана қ.Боровойда өткен жас кітапханашы мамандар съезіне қатысушы делегат №12 Қызылжар селолық кітапханасының меңгерушісі Садық Ж. Жүрген жерлерімен көрген көріністерінен слайд көрсетті Қазақстанның атақты адамдармен мен ақын-жазушылармен кездесуін әңгімелеп, қызықты кітапханалық жобалар туралы әңгімелеп берді.

Қостанай қ. Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының 80 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуына қосар үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан кітапхана меңгерушілері №3 Тамабай Г. №7 Абдразакова Б. іс сапар барысында көрген-білген, үйренгендері жайлы ой бөлісті. Астана қаласында өткен халықаралық симпозиумге қатысушы "ҚОКЖ"КММ директоры Б.К.Кошабаева кітапхананың бүгінгі қоғамдағы жеке тұлғаның қалыптасуына қосар үлесі мен олардың, өзінің елінің тарихын білуге көмектесуге кітапхананың орны бөлек екенін атап айтты.

Кеңес отырысында «Кітапхана-ауылдағы ақпараттану орталығы» баяндамасымен №8 Қурайлы селолық модельді кітапханасының меңгерушісі Құлжанова Н. баяндама жасаса, әріптестері Ищанова К., Баймуканова А., А.Искакова өз елді мекендерінде өткізіп жатқан жұмыстарымен тәжірибе алмасты.

Отырыстың 2-ші бөлімінде кітапханашылар, бүгінгі таңдағы жаңа үрдіске көшу аясында әлеуметтік желілермен жұмыс істеу, оның тиімділігі және қолжетімділігі жайлы, оқырмандарды кітапханаға тарту барысында оларды чат арқылы тіркеп, тиімді ақпараттар беру жолдары ұсынылды. Мұндай ойлармен №12 Қызылжар селолық кітапханасының меңгерушісі және әдіскер Мырзалиева Ф. бөлісті.

Кеңес отырысын жүргізіп, қорытындылаған «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Б.К.Кошабаева қызметкерлер алдына өлкетану тақырыбын нақты насихаттауға талап қойды.

Семинар ұйымдастырушылары іскерлік ойын форматында кейс-стади өткізді. Шара соңында №8 Қурайлы модельді кітапханасында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған "Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі" виртуальды әдеби кеш өткізілді.

Мультимедиа

  • Фото 

  • Видео 

9 мамыр - Ұлы Жеңіске арналған

«Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты митинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты V халықаралық фестивалі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара Мектеп түлектеріне арналған «Алтын белгі» иелерін марапаттау салтанаты

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60 жылдық мерейтойы

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аймақтық форумы аясында өткізілген салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары арасында патриоттық акция, мерекелік бағдарламасы.
 
Қош келдің, Жаңа жыл! 20 жұлдызды күн! Төрлет, Наурыз төріме! Арайлы қала, Ақтөбе!