«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ- нің қолдауымен «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ-нің ұйымдастыруымен мүгедектер күні қарсаңында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Жүрегім толы мейірім» атты Қазақ саңыраулар қоғамына 80 жыл толуына орай мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекелік кеші өткізілді.

Театр фойесінде ұйымдастырылған мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер шеберлерінің көрмесі және мерекелік концертті тамашалауға келген жүрегі жомарт жандар өздерінің ақ ниет, ізгі тілектерін білдіріп, қолтаңбаларын қалдыру үшін стенд қойылған болатын. Стендке мерекелік шараға арнайы келген құрметті қонағымыз- Ақтөбе қаласының әкімі Испанов Ілияс Сапарбекұлы - «Қоғам мүшелеріне тек бақыт тілеймін!» - деп қолтаңбасын қалдырды. Келген қонақтарды еріктілер тобы көңілді клоундар кейіпінде қарсы алып, залдағы белгіленген орындарға отыруға көмектесті. Қонақтарды жайғастырып, «халықтық» «Мы Вас любим» клоунада театрының әртістері отырған көрермендерге сусындар ұсынып, техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Мерекелік кешке арнайы - Атырау, Орал, Ақтау, Орынбор, Астана қалаларынан келген қонақтар және Арайлы Ақтөбеміздің қонақтары өзін тікұшаққа мінген жолаушыдай сезінді. Сахна тікұшақ бейнесіндегі LED – экранмен және әуежайдағы басқа безендіру элементтерімен толық безендірілген. Тікұшақтағы сапар бейнесін әрі қарай «халықтық» «Жалын» би ансамблінің бишілері «Стюардесса» биімен жалғастырып, Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп- интернат- колледжінің оқушылары – Хасанов Радмир, Мұстафин Қайыржан, Ерсеріков Ерасылдың орындауындағы тамаша «Батырлар ұраны» әні көрерменнің патриоттық сезімін оятты.

Алғашқы құттықтау сөз Қала әкіміне беріліп, Испанов Ілияс Сапарбекұлы - Қазақ саңыраулар қоғамын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қазақ саңыраулар қоғамының төрайымы – Телеушева Зинаида Николаевнаны алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік ұшақ қанатында қалықтаған көрермен мүмкіншілігі шектеулі жандардың өнеріне тәнті болды. Мерекелік шара барысында: Қазақ саңыраулар қоғамының мүшесі, Республикалық байқаулардың жүлдегері – Жалғас Жанат және Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Жұлдыз Нұрқасымовамен бірге «Наз» әнін, Халықов Бекжан «Жаяу» әнін, Сансызбаев Азамат – «Я это ты» - деп ән салса, Үсенбек Ажар жүрек жарды өлеңімен көрермен көңілін - тебірентті.

Астана қаласынан келген Қазақ саңыраулар қоғамы қоғамдық бірлестігі орталық басқармасының президенті - Түмбетов Серік Шаңғытбайұлы сөз сөйлеп, қоғам төрайымы – З.Н.Телеушеваны, қоғамның еңбек сіңірген әртісі – Ж.Жалғасты, спорт саласына еңбек сіңірген- Г.Умбетовті және қоғамның белсенді мүшелерін мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Қоғамның 80 жылдық мерейтойында: «Алақай» қуыршақ театры, Қазақ зағиптар қоғамының мүшелері құттықтап әннен шашу шашты, Орынбор қаласынан келген қонақ – Евдокимов Игорь Александрович әнін жолдап, Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының мүшесі – Бердешева Айгүл әсем биін тарту етті. «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ қызметкерлерінің әріптестері үшін арнайы дайындаған әсем әні мерекелік кеш көркін қыздыра түсті. Бүгінде өнердің қара шаңырағына айналған бұл қоғамның белсенді мүшелері – қолөнер, спорт , театр, би және өнердің әр қырынан өздерін көрсетіп жүрген жандар марапатсыз қалмады. Мерекелік кеш соңында саңыраулар қоғамының Гимні шырқалып, барлық қатысушы қала әкімі- И.І.Сапарбекұлының ықылас гүлімен құттықталып, өмірін өнерімен өрнектеп жүрген жандар өз ықыластырын көрерменге жылы сөздер жазылған тікұшақтарды ұшыру арқылы жолдады.

Мультимедиа

  • Фото 

  • Видео 

9 мамыр - Ұлы Жеңіске арналған

«Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты митинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты V халықаралық фестивалі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара Мектеп түлектеріне арналған «Алтын белгі» иелерін марапаттау салтанаты

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60 жылдық мерейтойы

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аймақтық форумы аясында өткізілген салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары арасында патриоттық акция, мерекелік бағдарламасы.
 
Қош келдің, Жаңа жыл! 20 жұлдызды күн! Төрлет, Наурыз төріме! Арайлы қала, Ақтөбе!