Фестиваль Қарғалы, Сазды, Қурайлы, Благодар, Жаңа қоныс ауылдық округтері арасында дәстүрлі түрде ағымдағы жылдың шілде, тамыз айларында басталған болатын. Ережеге сәйкес, әрбір селолық округ ұлттық дәстүрге сәйкес ағаш үй тікті. Тұрғындарға ыстық бауырсақтар мен палаудан басқа өздерінен шығарылатын ауылшаруашылық және бау-бақша өнімдері, кітап көрмесі мен кітапханашылар ұйымдастырған саяхат-ойындары, қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан дайындалған көрме, жеңімпаздарға қой тарту етілген түрлі спорттық және ұлттық ойындар ұсынылған болатын.

Фестивальдің жабылу салтанаты барысында бауырсақ мерекесі аталып өтті, оған облыс аудандары қымыз-шұбат өнімдерін әкелсе, қаланың селолық округтерімен бірге мейрамханалар да бауырсақ таратып, белсенділікпен атсалысты. Саябақ алаңында ауылдық округтер мен облыс аудандары ағаш үйлер тігіп, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен ауылшаруашылық және жергілікті өнімдер жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Селолық округтер көркемөнерпаздарының Гала концерті барысында қала әкімі І.С.Испанов «Ауыл-еліміздің алтын қазынасы» фестивалінің қорытындысын жариялап, салтанатты түрде марапаттады. Жаз бойы селолық округтердің ұйымдастырған ауылдық көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік бағдарламасы, түрлі спорттық ойындар, қолөнер бұйымдарының және кітап көрмелері, жергілікті өнімдер жәрмеңкесін қорытындылау нәтижесінде, I орын Благодар ауылдық округіне (70 000 мың теңге), II орын Қурайлы ауылдық округіне (50 000 мың теңге), III орын Сазды ауылдық округіне (30 000 мың теңге) бұйырды.

Сонымен қатар аталған шараға белсене атсалысқан Қарғалы және Жаңа қоныс ауылдық округтері 15 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтарымен және барлық қатысушылар қала әкімінің себеттегі гүл шоқтарымен марапатталды.

Мультимедиа

  • Фото 

  • Видео 

9 мамыр - Ұлы Жеңіске арналған

«Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты митинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты V халықаралық фестивалі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара Мектеп түлектеріне арналған «Алтын белгі» иелерін марапаттау салтанаты

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60 жылдық мерейтойы

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аймақтық форумы аясында өткізілген салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары арасында патриоттық акция, мерекелік бағдарламасы.
 
Қош келдің, Жаңа жыл! 20 жұлдызды күн! Төрлет, Наурыз төріме! Арайлы қала, Ақтөбе!