Отбасы күніне арналған «Келіндер шеруі»және
«Ел келіні-2017» атты байқау

Ақтөбе қаласы әкімінің қолдауымен, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен «Шаңырақ» мерекелік бағдарламалар ұйымдастыру орталығы бірлесіп «Келіндер шеруі» және «Ел келіні-2017» байқауын өткізді. Келіндер шеруі «Замок» ресторанының оң жақ бетінен бастау алып, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябаққа дейін жалғасты. Шеруді байкерлер мен лимузин автокөлігі бастап жүрді. Сахнада шеру қатысушыларын жүргізушілер жалынды сөздермен қарсы алды.Шараны құттықтау сөзімен қала әкімі ашады. Келіндер байқауына 9 үміткер қатысты, олардың отбасылық өмірлері 1-8 жыл аралығын құрады.

Байқауға қатысушылары төмендегі шарттар бойынша сынға түсіп, оларға 5 қазылар алқасы төрелік етті.

Байқау 3 кезеңді қамтыды.
I – кезең – Таныстыру - «Бұл менмін!»(Өзін өзінің отбасы туралы қысқаша мәлімет, қара сөз, өлең, ән арқылы таныстыру)
II - кезең - Шығармашылық байқауы (Бойындағы өнерлерін ортаға салу: ән, күй, би, көрініс т.б.)
III- кезең – Сұрақ – жауап «Сөз тапқанға қолқа жоқ!»(Салт дәстүрге байланысты сұрақ, ситуациялық сұрақ, салт – дәстүр бойынша көрініс арқылы көрсету шарты)

Сыннан сүрінбей өткен Төлебаева Фариза Бас жүлде және «Ел келіні - 2017» номинациясын иемденсе, қалған қатысушылар «Ең сүйкімді», «Ең сымбатты», «Ең өнегелі», «Шаңырақ келіні», «Ең білімді», «Көрермен көзайымы», «Ең инабатты», «Ең өнерлі» келіндер номинацияларын өзара бөлісіп, қала әкімі атынан алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар жекелеген демеушілердің арнайы сыйлықтарымен, гүл шоқтарымен марапатталды.

Мультимедиа

  • Фото 

  • Видео 

9 мамыр - Ұлы Жеңіске арналған

«Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты митинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты V халықаралық фестивалі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара Мектеп түлектеріне арналған «Алтын белгі» иелерін марапаттау салтанаты

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60 жылдық мерейтойы

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аймақтық форумы аясында өткізілген салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары арасында патриоттық акция, мерекелік бағдарламасы.
 
Қош келдің, Жаңа жыл! 20 жұлдызды күн! Төрлет, Наурыз төріме! Арайлы қала, Ақтөбе!