Құрметті Ақтөбеліктер және қала қонақтары!

Еуразияның орталығында орналасқан, әлемнің көне өркениеті торабынан орын алған Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет.

Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені. Мәдениет табиғи күшіне сәйкес өзінің шығармашылық қуатын дамытып және байытып, әлемдік ұлттық мәдениеттер отбасында алатын дара орынмен қамтамасыз етеді.

Оралымды, ырғақты, теңеу мен өрнекке аса бай тілі, дәстүрі мен жаныңа құнарлы құндылық сыйлайтын әдет-ғұрпы, дарыны мен таланты ұштасқан тұлғалары бар халқымыздың ғасырлар бойы сақталып, кейінгі ұрпағы ұлықтаған мәдениеті әлемдік деңгейде өзіндік орны бар, шоқтығы биік мұра десек қателеспейміз.

Сол мұраның дамуына үлес қосқан ақындар жырлаған қазақтың ержүрек батыры Ә.Молдағұлова, сазгерлер Жұбановтар отбасысы, ақберен ақын, ұлттық өнердің асқан шебері Н.Байғанин, қазақтың әйгілі күйші-композиторы Қазанғап – киелі Ақтөбе жерінің тарландары болғаны, жүрекке мақтаныш сезімі мен көңілге жылулық ұялатады. Бұл сезім өнер әлемінде қаламыздың өнерпаздарына қанат беріп, игі бастамаларға жетелеп жүр.

Қымбатты, достар! Біздің сайттан Сіздер, өнерлерімен елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлап жүрген, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып, еліміздің әлеуметтік-рухани құндылықтарын әлемге паш еткен шығармашылық ұжымдармен таныс болып, сондай-ақ Ақтөбе қаласында ұйымдастырылып өткізілетін, іс-шаралар мен мәдениет саласындағы жаңалықтарды біле алатын боласыздар!

Біздер ел игілігі үшін еңбек етіп, сіздерге қуаныш сыйлауға әзірміз!

Қош келдіңіздер, Достар!

 

«Ақтөбе қалалық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы
Маржан Қорғанбаева 

Құрылымы:
- Мәдени шаралар ұйымдастыру секторы
- Тілдерді дамыту секторы 

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет саласындағы сапалы және қолжетімді қызметтерді ұсыну, қала аумағындағы тілдік ахуалды жақсарту үшін қолайлы жағдай жасау. 

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің негізгі міндеттері:
- қала тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту;

- Республика және шетел арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту;

- «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;

- Мемлекеттік, ұлттық мерекелер және даталы күндерге байланысты қала көшелерін, даңғылдар, алаңдарын тақырыпқа сай безендіру. 

Мультимедиа

  • Фото 

  • Видео 

9 мамыр - Ұлы Жеңіске арналған

«Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты митинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты V халықаралық фестивалі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара Мектеп түлектеріне арналған «Алтын белгі» иелерін марапаттау салтанаты

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60 жылдық мерейтойы

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аймақтық форумы аясында өткізілген салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары арасында патриоттық акция, мерекелік бағдарламасы.
 
Қош келдің, Жаңа жыл! 20 жұлдызды күн! Төрлет, Наурыз төріме! Арайлы қала, Ақтөбе!  
         

 

       





  • Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
  •  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні