Ақпарат  

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің
2013 жылдың қорытындысы туралы ақпарат. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көрсетілген мақсаттарға, «Мәдени мұра», тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес мәдениет мекемелерінің шығармашылық жұмыстарын дамыту, халықтық ұжымдардың шығармашылығын қалыптастыру, тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында жүйелі түрде мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қарасты 18 мәдениет мекемелері жұмыс жасайды,олар:

  • «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК
  • «Геолог» қалалық мәдениет Үйі» МКҚК
  • «Сазды» қалалық мәдениет Үйі» МКҚК
  • «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» ММ
  • «Қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет Үйі» ММ
  • «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы» МКҚК

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-і 12 қалалық кітапхананы құрайды.

Олардың ішінде: 6 кітапхана, бір саябақ және үш мәдениет Үйі қала аумағында орналасқан. Ақтөбе қаласына қарасты бес селолық округінде 8 мәдениет мекемелері қызмет етеді.

Мәдениет мекемелерінің жүйесі 1 бірлікке өсті.

2013 жылғы 28 желтоқсандағы №3721 қала әкімдігінің қаулысына сәйкес Қурайлы елді-мекенінде Қалалық Қурайлы мәдениет Үйі ашылды.

2013 жылы 32 шығармашылық ұжым жұмыс жасады. Оның ішінде 7 «Халықтық», 1 «Үлгілі» атағы бар ұжымдар қалалық шаралар және Халықаралық, Республикалық фестивальдер, байқауларға белсенді қатысып жұмыс жасауда.

Есептік кезеңде мәдениет мекемелерімен – 959 мәдени-көпшілік шара өткізілді, мәдениет мекемелеріне келушілердің жалпы саны – 749 464 адам. Соның ішінде: кітапханалар – 116 464, мәдени ойын-сауық іс-шаралар – 633 000.

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» келесі приоритеттік бағыттарымен жұмыс жасауда, олар:

  • «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;
  • ұлттық, білімділік, кәсіби айрықшалықтарды есепке алып қала тұрғындарының мәдени сұраныстары мен қажеттілігін игеру;
  • мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • азаматтарды эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;
  • қала ұйымдары мен тұрғындарының әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстарын орындау;
  • қала тұрғындары арасында мәдени-ойын-сауық, үйірме жұмыстарын жүргізу, сақтау және дамыту.

Аталған бағытта дұрыс және нәтижелі жұмыс жасау үшін мәдениет мекемелерінің материалдық техникалық базасы заман талабына сай жасақталу керек.

2013 жылы Қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет Үйінің шығармашылық ұжымдарына және қоғам мүшелеріне жағдай жасау мақсатында көрермендер залына орындықтар сатып алынды.

Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі шығармашылық ұжымдарына қалалық, облыстық мәдени шараларына кедергісіз қатысуға жағдай жасау үшін «Hyundai» автобусы сатып алынды.

«Сазды» мәдениет Үйінің және қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі жұмысын жеңілдету мақсатында жаңа қызметтік автокөліктер сатып алынса, С.Маршак атындағы балалар кітапханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ең бастысы кітапхана қоры оқырмандарға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін жаңа кітаптармен толтырылды.

Кітапхана жүйесінің қызметін толық жетілдіру және жаңа ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету мақсатында «РАБИС» бағдарламасы, «РАБИС- каталогизатор», «РАБИС-поиск», «РАБИС-регистратор» модульдары орнатылған.

Қалалық мәдениет Үйі барлық негізгі мемлекеттік мерекелер, қалалық, облыстық және республикалық көлемдегі іс-шаралардың ұйымдастырушысы. Өткізілетін іс-шаралардың сапасын көтеру мақсатында мәдениет Үйіне 28 кВт дыбыс күшейткіш аппаратура сатып алынды.

Өткен 2013 жыл маңызды мәдени мерейтойға толы жыл болды. Олар:

  • «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не –
  • 60 жыл;
  • М.Ломоносов атындағы қалалық кітапханасына – 70 жыл;
  • Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйіне –50 жыл;
  • «Халықтық Ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамбліне – 35 жыл;
  • 10 жылдық мерейтойларын: «Рюкзак» «Халықтық» бард клубы, «Халықтық» ұжым «Мы Вас любим» клоунада театры мен Халықтық «Жалын» би ансамблі атап өтті.
  • «Ақтөбе» вокалды аспаптар ансамблі, «Халықтық» «Асыл әжелер» ән ансамблі және «Шабыт» би тобы – 5 жылдық мерейтойларымен құттықталды.

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60-жылдығына орай қалалық мәдениет мекемелері Тәуелсіздік алған жылдардағы еңбектерін және шығармашылық ұжымдардың жеткен жетістіктерін бағалауға, ұлтаралық келісім мен достықты насихаттауға бағыттады.

Мекеменің 60-жылдығына және шығармашылық ұжымдардың мерейтойларына арналған «Жаса мәңгі мәдениет» атты онкүндігі шығармашылық қарым-қатынас пен жаңа таланттарды анықтауда жаңаша серпін берді.

Онкүндік аясында қазақ мәдениетін, ұлттық дәстүрді, қазақ халқының рухани құндылығын насихаттау, халықтардың бейбітшілігі мен келісімін, достастығын насихаттау мақсатында 17-27 қыркүйек аралығында кең көлемді мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

Шығармашылық ұжымдар үшін де 2013 жыл үлкен жетістектер мен шығармашылық табыстарға толы жыл болды. Украинаның Одесса қаласында өткен «Дюк – шоу мажореткалар» атты фестиваліне «Халықтық Ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблі қатысып, 1 дәрежелі Лауреат және соло номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. РФ Киров қаласында өткен «Вятская карусель» атты шығармашылық ұжымдар арасындағы ІV – Халықаралық фестиваліне «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің орта тобы қатысып, ІІ дәрежелі Лауреат атағын жеңіп алды.

«Інжу» вокалды ансамблі Казань қаласында өткен Халықаралық аспаптық орындаушылар және классикалық ән фестиваліне қатысып, жүлделі 1 орынды иеленсе, «Үлгілі» «Арай» шығармашылық би ұжымы Республикалық байқауға қатысып, 1 орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі қаламыздың оқу орындарындағы дарынды шығармашылық ұжымдарына да қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің хор ұжымы РФ, Санк-Петербург қаласында өткен Халықаралық байқауда «Абсолютты чемпион» атанып, Бас жүлдеге ие болды.

Бұл жетістіктер әкімшілік тарапынан қолдау мен өнерпаздардың қажырлы еңбегі, шығармашылық табысының нәтижесі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік біртұтас тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін нығайту және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында қала аумағында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу жағдайын арнайы мониторинг жасау арқылы анықтап отыру жолға қойылды. 2010 жылдан бері «Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдайға мониторинг пен сараптама жүргізетін автоматтандырылған жүйе» тұрақты жұмыс жасауда. Осының негізінде, мемлекеттік мекемелердің ай сайынғы кіріс-шығыс құжаттарының сапалы көрсеткіші анықталып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетіне (айлық, жартыжылдық, жылдық) жіберіліп отырады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердегі шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі – 99%.

Іс – шаралар жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі мен «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2013 жылдың 12 сәуірі мен 23 мамыры аралығында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты қалалық тіл фестивалі өткізілді. Фестиваль ережесі облыстық «Ақтөбе» газетінде жарияланып, оған қалалық мекемелер мен оқу орындары қатыстырылды. Фестиваль аясында «Тіл болашағы – балабақшада», «Тілдарын-2013» қалалық олимпиадасы, «Тіл – халық жанын танудың кілті», «Оралхан Бөкей – тіл шебері», «Абай оқулары», «Бала тілі - бал», атты байқаулар өткізілді. Сонымен қатар, өз дәуірінде ардақталған ата–бабалардан қалған асыл мұраларды, ұлттық қолөнер бұйымдарын, сан ғасырлар бойғы ұрпақтан – ұрпаққа тараған өсиет, қанатты сөздерді насихаттау, жаңғырту, сол арқылы жас ұрпақ бойында ұлттық рух, ұлттық намыс, тіл байлығы мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту мақсатында алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Салтымыз – жадымызда, өнеріміз – шебер қолымызда» қалалық байқауы өткізілді. Жалпы фестивальға 200-ден астам адам қатысты. Әр байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Қалалық байқаудан жеңіп шыққан жеңімпаздар облыстық байқауға жолдама алды.

22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай жыл сайын апталық, онкүндіктер ұйымдастырылып келеді.Айтулы шара биыл «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 60 жылдық мерейтойына орайластырылған «Жаса мәңгі мәдениет» онкүндігі аясында өткізілді. Оған қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер, жоғары, арнаулы, орта оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдар, журналистер белсене ат салысты.

Бұдан өзге Ақтөбе қаласындағы тілдерді қолдану мен дамыту мәселелері жөніндегі қалалық Үйлестіру кеңесі құрамынан арнайы комиссия құрылып, мониторинг бойынша төмен көрсеткіш құраған мекемелердің тіл мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерінің орындалу барысына зерттеу-сараптама жүргізілді. Қалалық тілдерді дамыту бөлімі тарапынан мемлекеттік мекемелердің тілдерді қолдану мен дамыту жөніндегі жұмыстары, іс-қағаздары қаралып, зерттеліп, үйлестіріліп отырады.

Дәстүрлі шараға айналған игі істердің бірі – ғылыми, ғылыми-әдістемелік, практикалық семинарлар мен тренингтер өткізу. 2013 жылдың 22-23 қарашасында «Терминдер қолданысы, оларды тіл жүйесінде тұрақтандыру және аударма мәселесі» тақырыбындағы семинар – тренинг өткізілді. Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінен, «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығынан», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен ғалым-профессорлар шақырылды. Семинарға толық қатысқан мемлекеттік қызметшілерге, кәсіпорын қызметкерлері мен жоғарғы, арнаулы оқу орны оқытушылары, тіл мамандары және банк қызметкерлеріне оқу-әдістемелік жинақтар, аудио-дискілер таратылып, сертификат тапсырылды.

Қазақ бүгінде Қазақстан мемлекетін құраушы ұлт ретінде республиканың шаңырағын көтерді, өзгелер соған уық боп шаншылды, кереге болып керілді, көп ұлтты біріктірген үлкен шаңырақ атанды. Тілдер мен мәдениетті, өркениетті тоғыстырды.

Сондықтан да тілдер мен мәдениетті, мәдени құндылықтарымызды, қазақ халқының дәстүрі мен салтын сақтау, насихаттау және дамыту «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті болып табылады.

«Ақтөбе қалалық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы                               М.Қорғанбаева


Мекеменің статистикалық деректері: 

І. Мәдениет мекемелері:

  1. Қалалық мәдениет Үйі
  2. Сазды қалалық мәдениет Үйі
  3. Қалалық «Геолог» мәдениет Үйі
  4. Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі
  5. Қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет Үйі
  6. Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі
  7. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы 

ІІ. Өткізілген мәдени іс-шаралардың жалпы саны – 959, мәдениет мекемелеріне келушілердің жалпы саны – 749 464 адам. Соның ішінде: кітапханалар – 116 464, мәдени ойын-сауық іс-шаралар – 633 000.

Мультимедиа

  • Фото 

  • Видео 

9 мамыр - Ұлы Жеңіске арналған

«Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты митинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты V халықаралық фестивалі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара Мектеп түлектеріне арналған «Алтын белгі» иелерін марапаттау салтанаты

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60 жылдық мерейтойы

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аймақтық форумы аясында өткізілген салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары арасында патриоттық акция, мерекелік бағдарламасы.
 
Қош келдің, Жаңа жыл! 20 жұлдызды күн! Төрлет, Наурыз төріме! Арайлы қала, Ақтөбе!  
         

 

       





  • Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
  •  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні