«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТ ТІРЕГІ»

Қалалық тіл фестивалі аясында өткізілетін байқаулардың

ЕРЕЖЕЛЕРІ

            Ақтөбе қаласының әкімдігі және «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі аясында келесі байқауларды өткізеді:

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы

қалалық байқауы

  1. Жалпы ережелер

1. Байқаудың өту уақыты: 2015 жылғы 17 сәуір, сағат 15.00

2.Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп  табу.

  2.Байқаудың шарттары

          1. Байқауға қаламыздағы орта мектеп, арнаулы, жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелерден 16-22 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мектеп мұғалімдері байқауға жіберілмейді.

         2. Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

  • прозалық шығармадан үзінді оқу;
  • драмалық шығармадан үзінді оқу;
  • мәнерлеп өлең оқу.

         Сондай-ақ, байқауда Оралхан Бөкейдің және басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез-келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқуға болады.

-          оқылатын мәтін көлемі 2-3 минуттан аспауы керек;

-          дайын фонограммаларды  пайдалануға тыйым салынады;

-          белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды;

-          талапкер сарапқа ұсынуға таңдап алынған мәтіндерді жатқа білулері қажет.

                 3. Байқау қорытындысын шығару:

         1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

  • көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
  • дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
  • көркем мәтінді таңдау талғамына;
  • сахнада өзін-өзі ұстауына;
  • Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу /3-5 минут/;
  • «Абай жолы» романынан (1-кітабының «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» тарауларының бірінен) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау /4-5 минут/;
  • Абайдың әнін орындау (1 ән) /3-5 минут/.
  • сахналық киім сәніне баса назар аударады.

2. Байқау жеңімпаздары арнайы үлгідегі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

3. Өтініштер 2015 жылғы 15 сәуіріне дейін қалалық тілдерді дамыту бөліміне тапсырылуы тиіс  (тел: 22-18-15,  факс: 22-23-85, 217-838).

Өзге ұлт өкілдері арасында өткізілетін

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» қалалық байқауы

1. Жалпы ережелер

         1.Байқаудың өту уақыты: 2015 жылғы 24 сәуір, сағат 15.00

2.Байқаудың мақсаты: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау,  Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

2. Байқаудың шарттары:

      1. Қалалық байқауға арнаулы орта, жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелер, ұлттық-мәдени орталықтардан көркем сөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 16-22 жас аралығындағы талапкерлер(өзге ұлт өкілдері) қатыса алады.

2. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

                 3. Байқау қорытындысын шығару:

1. Үміткерлер өнерін бағалау кезінде, олардың:

  • көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне;
  • қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне;
  • ән орындау нақышына;
  • сахналық мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударылады.

2.Байқау жеңімпаздары арнайы үлгідегі дипломдар және бағалы сыйлықтармен  марапатталады. Ескерту: бұрынғы қалалық байқаудың жеңімпаздары байқауға қатыстырылмайды.

3. Өтініштер 2015 жылғы 20 сәуірге дейін қалалық тілдерді дамыту бөліміне тапсырылуы тиіс (тел: 22-18-15,  факс: 22-23-85, 217-838).

 «Тіл – тұнық ойдың кәусары»

үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген

 қала жастарының арасында өткізілетін қалалық олимпиада

  1. Жалпы ережелер
    1. Қатысушыларға қойылатын талаптар:

         1. Өту уақыты: 2015 жылғы 13 мамыр, сағат 10.00

2. Мақсаты: а) Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау;

ә) Тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

3.  Міндеттері:

а) Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру;

ә) Тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру;

б) Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

2. Шарттары:

       1. Қалалық олимпиадаға мамандығына, кәсібіне, шұғылданатын ісіне қарамастан  18 бен 22 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады.

  • Берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу;
  • Берілген тақырып бойынша эссе жазу;
  • Берілген тақырып бойынша баспасөз мәслихатын өткізу;
  • Мәтінге ілеспе аударма жасау.                            

               2. Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтуге тиіс:

ü   Бірінші кезең – қазақ тілін білу;

ü  Екінші  кезең – ағылшын тілін білу;

ü  Үшінші кезең – орыс тілін білу.

Олимпиаданың міндетті шарты – алдыңғы деңгейден өткен қатысушы ғана келесі деңгейге қатыса алады.

Олимпиаданың қорытындысы үш деңгейден өткен қатысушылар арасында жүргізіледі.

 3. Олимпиаданы қорытындылау:

1. Олимпиаданың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде, олардың:

         а) тілдерді меңгеру деңгейіне;

ә) жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуына;

б) жауаптың оралымдылығы мен сапасына;

в) жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне  назар аударады;

г) берілген уақытты дұрыс пайдалану ескеріледі;

2. Олимпиаданың жеңімпаздары арнайы үлгідегі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

3. Өтініштер 2015 жылғы 7 мамырына дейін қалалық тілдерді дамыту бөліміне тапсырылуы тиіс (тел: 22-18-15,  факс: 22-23-85, 217-838).

«ӨМІРІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН АРУЛАР»

атты қыз-келіншектер арасындағы қалалық жыр мүшәйрасы

(Қазақтың асқақ рухты ақыны Ф.Оңғарсыноваға арналады...)

1. Жалпы ережелер

1. Мүшәйраның өту уақыты: 2015 жылғы 20 мамыр, сағат 15.00

2. Мақсаты: қазақ тілінің баға жетпес байлығын дамыту, тума таланттарды қолдау, бабадан балаға мұра болып келе жатқан ақындық өнердің, оның ішінде жазба ақындықтың деңгейін көтеру, өскелең ұрпаққа ақынның қуатты да киелі көркем шығармаларын насихаттау, ақын қыз-келіншектердің ізденісі мен шеберлігін арттыру.

       2. Мүшәйраның шарттары:

1. Мүшәйраға қатысушылардың өтініштері мен жеке шығармалары 13 мамырға дейін қабылданады. Мүшәйраға қатысушы өтініште өзі туралы толық мағлұмат (аты-жөні, туған жылы, фотосуреті, оқу немесе жұмыс орнынан анықтама, жетістіктері, мекен-жайы, т.б.) беру керек.

2. Мүшәйраға қатысушылардың мамандығына шектеу қойылмайды жасы 16 жастан жоғары болу керек.

3. Бұрынғы қалалық мүшәйраның бас жүлде жеңімпаздары байқауға қатыстырылмайды.

4. Тапсырылатын шығармалар 5 беттен аспауы қажет.

5.Қабылданған шығармалар қазылар алқасының және көрермендердің назарына ұсынылады.

3. Мүшәйраның талаптары:

1. Ф.Оңғарсынованың бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқу;

2. Фариза ақынға арналған арнау өлең;

3. Өз шығармашылығынан өлең оқу.

4. Мүшәйраны қорытындылау:

1. Сарапшылар үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

  • шығармаларының мазмұнына, көркемдігіне;
  • дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
  • сахнада өзін-өзі ұстауына, мәдениетіне баса назар аударады.

2. Мүшәйра жеңімпаздары дипломдармен, басқа да бағалы заттай сыйлықтармен марапатталады.

Анықтама және тапсырыс беру үшін төменде көрсетілген мекен-жайға хабарласуыңыз сұралады: Т.Ахтанов көшесі 50, қала әкімдігі ғимараты (тел/факс: 22-18-15, 22-23-85 (ф), 21-78-38, №52, 53-бөлме), Қалалық тілдерді дамыту бөлімі.

28-06-2017 13:36

Астана қаласының Ақтөбе кундері аясында Қалалық мәдениет Үйі мен ондағы бирнеше шығармашылық ұжым, Этноауыл алаңында «Бақ Ордам-Астана» атты мерекелік шара...

16-06-2017 12:57

«Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» аттыVII Халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы фестивалінің өтетіндігі туралы мәлімет «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты...

15-06-2017 17:51

VII «Әлия гүлі қонақтарды қарсы алады» атты халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалінің салтанатты шеруі туралы ақпарат. 15-ші маусым – Кеңес...

14-06-2017 19:58

Қурайлы қалалық мәдениет Үйінің жазғы балалар алаңының 8 күнінде балалар Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейіне барды.

Мультимедиа

  • Фото 

  • Видео 

9 мамыр - Ұлы Жеңіске арналған

«Ер есімі – ел есінде» атты салтанатты митинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты V халықаралық фестивалі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама
7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара Мектеп түлектеріне арналған «Алтын белгі» иелерін марапаттау салтанаты

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің 60 жылдық мерейтойы

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

Ақтөбе қаласы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аймақтық форумы аясында өткізілген салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары оқу орындары арасында патриоттық акция, мерекелік бағдарламасы.
 
Қош келдің, Жаңа жыл! 20 жұлдызды күн! Төрлет, Наурыз төріме! Арайлы қала, Ақтөбе!  
         

 

       





  • Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
  •  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні